Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «АҚШ пен Израильді тарих кешірмейді» - деп мәлімдеді.
Anadolu ақпарат агенттігінің мәліметінше, Режеп Тайып Ердоған Лондонға жасаған іс-сапары барысында Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэймен бірлескен баспасөз мәслихатын өткізген. Онда ол: «Тарих АҚШ пен Израильді кешірмейді. Халықаралық келісімдер мен БҰҰ-ның қарарына сәйкес Иерусалим мәртебесі еш уақытта өзгермеуі тиіс» - деген.
Бұған дейін Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың Тель-Авив қаласындағы бас елшілігін Иерусалимге көшіруін қатаң сынға алып, Уашингтон мен Тель-Авивтегі елшілерін кері қайтарған.
Естеріңізге салайық, мамыр айының 13-і күні АҚШ Тель-Авив қаласындағы елшілігін Иерусалим қаласына көшірген. Елшіліктің ашылу салтанатына АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучин, Дональд Трамптың қызы Иванка Трамп және президент кеңесшісі Джаред Кушнер қатысқан.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды