Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Ақ үйде АҚШ президенті Трамппен кездесті. Ресми мәліметтерде айтылғандай, Өзбекстан президентінің Уашингтондағы екі күндік сапары АҚШ президентінің арнайы шақыруымен болған.
Бұған дейін президент Шавкат Мирзиеев Трамппен Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Бас Ассамблеясында кездескен. Ал, бұл реткісі өзбек басшысының Уашингтонда болған алғаш реткі ресми сапары. Билікке келгеніне қысқа ғана уақыт болса да Уашингтон билігінің ресми сапармен шақыруын алғаны сырт елдердің назарын аударуда.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, өзбек басшысы Трамппен кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық, инвестиция, сауда байланыс және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін кеңеспек. Кездесуге баға берген Ақ үй басшысы Трамп: «Бұл Құрама Штат пен Өзбекстан қарым-қатынасының жаңа дәуірінің басталғанын білдіреді», – деген екен. Әрі екі басшы бірқатар келісімдерге қол қойысқан.
Сыртқы елдердің сарапшылары Өзбекстан президентінің елдегі жаңа реформалары туралы тек оң бағалары айтылуда. Айталық, сыртқы саясаттағы қадамдары Өзбекстанның көпжақты дамуына үлкен серпін береді деп қарайды.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі