Ақ үй Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтан елде адам құқығы мен сөз бостанығы салаларына реформа жүргізуді талап етпек.

Мамыр айының 14-і күні АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Оңтүстік және Орталық Азия елдері бойынша ресми өкілі Лиза Кертис «Атлант кеңесінде» Өзбекстан билігіне қатысты мәлімдеме жасады. Онда ол: « Ислам Кәрімовтан кейін билік басына келген Шавкат Мирзиеев Өзбекстанда айтарлықтай өзгерістер жасады. Бірақ алдағы уақытта Мирзиеев билігі елдегі адам құқығы, діни сенім-наным және сөз бостандығы салаларын реформалауы тиіс. Мирзиеевтың АҚШ-қа ресми іс-сапары Өзбекстанда жасалып жатқан реформалардың ауқымын кеңейту мен істелген жұмыстарды пысықтауға таптырмас мүмкіндік» - деген.

Естеріңізге салайық, Шавкат Мирзиеев мамыр айының 16-ы күні Уашингтонға ресми іс-сапармен барады. Ол онда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, екі жақтық қарым-қатынас, әлемдік және аймақтық мәселелерді талқылайды деп күтілуде.

“The Qazaq Times”