Жақын күндері Орталық Азияда БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымының (FAO) жаңа бағдарламасы іске қосылмақ. Бұл туралы БҰҰ-ның ресми сайтында жарияланды.
Аталған бағдарлама аясында, аймақтың орман шаруашылығына қамқорлық жасалмақ. Ресми мәліметтерге сәйкес, Кавказ бен Орталық Азия аймағындағы 16 миллион гектар жерді алып жатқан көрінеді. Осыншама орман-тоғайлардағы көптеген ағаш пен басқа да табиғат байлықтары қараусыз қалғандықтан, жыл сайын зиянға ұшырауда. Осындай келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталған әрі Түркия тарапынан қаржыландырылатын «FAO» бағдарламасы Әзірбайжан, Қазақстан, Қызғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдеріне ормандарды қорғау және табиғи ресурстарды басқару саласында бірқатар шараларды өңдеу үшін көмектеспек. Өткен аптада Самарқандта аймақ елдері өкілдерінің үш күндік семинары өткен болатын. Жоғарыда аталған алты ел мен Түркия үкіметі және «FAO» өкілдері «жол картасы» деп аталатын бағдарламаны талқылаған. «Біз Орталық Азияның табиғи ресурстарына қатты көңіл бөлеміз. Ормандарды дұрыс қадағалайтын басқару тетігіне ие болмайынша, табиғат құндылықтарына орны толмайтын зарар келеді. Осындай қауіп-қатердің алдын алу керек» , - деді БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының Орталық Азиядағы аймақтық үйлестірушісі Виорел Гуцу. Айта кету керек, Түркия үкіметі аталған жобаны жүзеге асыру үшін 10 миллион доллар бөліп отыр.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді