Париждің оңтүстік-шығысындағы жұмысшылардың бірінші мамыр шеруі кезінде жаппай тәртіпсіздік орын алған, деп хабарлайды ТАСС ақпараттық агенттігі.
Парижде 1 мамыр шеруінде тұтанған тәртіпсіздікті басу кезінде полицейлер 276 адамды тұтқынға алған. Олардың 102-сі қазіргі уақытта қамауда.
Алдын ала болжамға сәйкес, экстремистер 31 дүкенге зақым келтіріп, алты автокөлікті өртеп жіберген. Сонымен қатар, ондаған көлік зақымдалған. Париж қалалық полицей басқармасы басшысы Мишель Дельпештің айтуынша, Францияның барлық аймағындағы тәртіпсіздіктерге 210 мың бұзақы қатысқан. Олар автобус аялдамаларын сындырып, жарнама плакаттарын жыртылып, бірнеше көлік тұрағын бұзған. Тәртіп сақшылары бұзақыларға қарсы көзді жасаурататын газ бен суатқыш қолдануға мәжбүр болған.
Ал, қазіргі сәтті Австралияда іссапармен жүрген ел президенті Эммануэль Макрон осы күш көрсету әрекеттеріне кінәлілердің жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті