Ресейдің әскери қару-жарақ экспорттаушы фирмасы «Рособоронэкспорт» (Rosoboroneksport)Түркияға сатылатын S-400 зымыран қорғаныс жүйесінің өндірісі басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Түркияның «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Аталған мәлімдемені «Рособоренэкспорттың» жетекшісі Александр Михеев «Спутник» агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді. Ол сөзінде: «Жоба басталып кетті. Алда бірнеше басқышқа бөлінген жұмыс тәртібін орындаймыз. Өзіміздің жауапкершілігімізді толығымен орындап шығамыз», – деген.
Осыдан бұрын Ресейдің әскери өнеркәсіп компаниясының төрағасы Сергей Чемезов Түркия ресейлік S-400 зымыран қорғаныс жүйесінен 4 данасын 2,5 млрд АҚШ долларына сатып алатынын мәлімдеген еді. Естеріңізде болса, Түркияның ресейлік қорғаныс жүйесін сатып алуы НАТО мүшелері арасында наразылық тудырған болатын.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы