АҚШ президенті Дональд Трамп Иран ядролық мәселесінде Франциямен келісімге келе отырып, ортақ мәміле ұсынуға уәде берді. Дегенмен, Трамп 6 ел қол қойған Иран ядролық келісімінде қалуға уәде берген жоқ. Ол осыған дейін бұл келісімді Құрама Штат тарихындағы ең «күлкілі», «нашар» келісімдердің бірі деп бағалап келген. Бұл туралы VOA ақпараттық сайты хабарлады.
Трамп аталған келісімді Ақ үйде Франция президенті Макронмен бірге өткізген баспасөз конференциясы кезінде тағы бір рет сынға алды. Оның айтуынша бұл келісім Иранның зымыран бағдарламаларын дамытуға жол ашып, аймақтың тұрақсыздығын өршіте түседі.
АҚШ пен Франция басшылары Иран мәселесі жөнінде кеңейтілген келіссөздер жүргізетінін мәлімдеді. Дегенмен, Трамптың алты ел қол қойған Иран ядролық келісімінен бас тартатыны немесе келісімде қалатыны анық емес. Сейсенбі күні түстен бұрын Трамп өз кеңсесінде Франция президентімен кездесу кезінде, Иран үкіметіне қатаң ескерту жасап: «Егер олар ядролық бағдарламаны қайта қолға алатын болса, бұрын-соңды кездеспеген үлкен проблемаға тап болады», – деді.
Осыдан бұрынғы хабарларда, президент Макрон Трампты Сүриядағы АҚШ әскерлерін жалғасты ұстауға кеңес беретіні туралы айтылған. Сол арқылы Макрон Башар Асад режимі мен Иранның Сүрияны толық бақылауына алуына жол бермеуін үміт еткен. Себебі, осыдан бұрын Трамп журналистерге берген сұхбатында, Сүриядағы АҚШ әскерлерін елге қайтаруға тырысатынын мәлімдеген еді. Қазіргі кезде АҚШ-тың 2 мыңнан астам жауынгері Сүрияда «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымына қарсы күресуде.
Трамптың мәліметіне қарағанда, Құрама Штат 18 жылдан бері Орта Шығыста 7 триллион АҚШ долларын жұмсаған және оның нақты нәтижесін көре алған жоқ. Бірақ ол сөзінде: «Егер АҚШ қауіпсіздікті сақтауға араласпағанда, Орта Шығыстағы кейбір елдер бір апта да аман тұрмас еді. Енді бұл елдер де күш жұмсауы керек, әскерлерді ұстап тұруға және қаржыландыруға үлес қосуы керек», – деген. Дегенмен, Трамп нақты бір елдердің атын атап айтқан жоқ.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы