Жапония Ресейге Курил аралдары маңында әскери оқу-жаттығу жұмыстарын өткізгені үшін қарсылық білдірді – деп хабарлайды Kyodo ақпарат агенттігі.
Жапония министрлер кабинетінің хатшысы Есихидэ Суганың сөзінше, Токио ресми Мәскеуге Ресей қарулы күштерінің даулы аймақ болып саналатын Курил аралдары маңында әскери оқу-жаттығу жұмыстарын өткізуіне байланысты қарсылық білдірген және территориялық дауды шешуге бағытталған арнайы құжат ұсынған. Құжатта Курил аймағынның солтүстік бөлігіндегі төрт аралға байланысты мәселелерді реттеу және бейбіт келісімге қол қою жөнінде айтылған.
Естеріңізге салайық, Курил аумағындағы төрт арал екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Кеңестер Одағының иелігіне өткен. Алайда Жапония ол аралдарды өзінікі деп есептейді. Екі ел арасында екінші дүниежүзілік соғыстан бері әлі күнге дейін бейбіт келісімге қол қойылмаған.