АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун Тайланд, Сингапур, Моңғолия немесе еуропа елдерінің бірінде кездесуі мүмкін.
Bloomberg басылымының мәліметінше, қазіргі таңда АҚШ президенті Дональд Трамп солтүстік кореялық әріптесі Ким Жоң Унмен кездесу өткізу үшін тоғыз қаланы таңдаған. Олардың ішінде Прага, Варшава, Хельсинк, Стокгольм, Осло, Женева, Банкок, Сингапур және Ұлан-Батыр бар.
Жалпы, бұған дейін Дональд Трамп Ким Жоң Унмен маусым айында кездесуі мүмкін екендігін және кездесудің АҚШ аумағынан тыс жерде өтетіндігін мәлімдеген. Ал күні кеше АҚШ орталық барлау басқармасының директоры Майк Помпео президент Дональд Трамптың тапсырмасы бойынша Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Унмен Пиоңяң қаласында кездескен.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды