Түркіменстанда отызға толмаған ер-азаматттарға шетелге саяхатқа шығуға тыйым салынды. Енді жастары отызға жетпеген жігіттер ел шекарасынан аттап шыға алмайды. Бұл туралы Азаттықтың Түркіменстан қызметі ТР Көші-қон қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Хабарға сәйкес, шенеуніктер бұл шараның Түркіменстан азаматтарының қауіпсіздігі үшін қолға алынғанын айтқан. Соңғы айда азаматтардың шетелге шығуларына, оның ішінде бірінші кезекте Түркияға шығуларына кедергілер көбейген. Сонымен қатар, билік арқылы шетелде жүрген азаматтардың Түркіменстанға қайтарылуларына қатысты оқиғалар да көп тіркелген. Оның ішінде шетелдік оқу орындарында оқитын әрі сол елдерде жұмыс істеп жүрген студенттерді елге қайтаруға қатысты көптеген шара қолданған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті