Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров: «Батыспен қарым-қатынасымыз «қырғиқабақ соғыс» кезіндегіден де нашар» – деп мәлімдеді.
АҚШ, Ұлыбритания және Франция қарулы күштерінің Сүрияға жасаған әуе шабуылынан кейін ВВС телеарнасына сұхбат берген Сергей Лавров: «7 сәуір күні Думда Сүрия әскерилерінің химиялық қару қолданғаны жөнінде дәлел жоқ, тек қойылым (постановка) бар. Неге әуе шабуылы аталмыш аймақты тексеруге бір күн қалғанда жасалды. Қазір Батыс пен Ресей қарым-қатынасы «қырғиқабақ соғыс» кезіндегіден де нашар күйде. Біз батыс елдеріне деген соңғы сенімімізді жоғалтып жатырмыз. «Қырғиқабақ соғыс» кезінде біздің арамызда коммуникациылық арналарымыз жұмыс істеді. Ол кезде русофобия, «геноцидке» ұқсайтын санкция жариялау болған жоқ» - деген.
Естеріңізге салайық, сәуір айының 14-і күні АҚШ, Ұлыбритания және Франция қарулы күштері Сүрияға әуе шабуылын жасаған. АҚШ ресми өкілдерінің сөзінше, Сүрияға қарата 100-ге жуық қанатты зымырандар атылған.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды