Ресей Сүрия аумағындағы әскерін соғыс жағдайына дайындауда – деп хабарлайды Эхо Москвы ақпарат көзі.
Эхо Москвы мәліметінше, Ресей Сүрия аумағындағы әуе қорғаныс күштерін, әскери барлау және шабулдаушы бөлімшелерін соғыс жағдайына дайындау режиміне өткізген. Бұдан бөлек Ресей әскери теңіз күштері Тартус портынан барлық кемелерін шығарған. Кемелердің орын алмастыру бағытын алғшқылардың бірі болып «Image Satellite Internacional» компаниясының жерсеріктері байқаған. Аталмыш жағдайға байланысты Ресей мемлекеттік думасына қарасты қорғаныс комитетінің төрағасы Владимир Шаманов: «Сүрияда жасалып жатқан қадамдардың барлығы АҚШ-тың зымыран шабуылына байланысты» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін АҚШ перезиденті Дональд Трамп ресми Дамаскке химиялық қару қолданғаны үшін әскери күш көрсететіндігін мәлімдеген. Кейінен ол сәуір айының 11-і күні өзінің Twitter парақшасына «Сүрия аумағындағы Ресей әскеріне зымыран шабуылына дайындалған дұрыс» - деп жазған.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды