Бүгін Әзірбайжан Республикасында президент саулауы өтуде.

5 ақпан күні Әзірбейжан президенті Ильхам Әлиев сәуір айының 11-і күні кезектен тыс президент сайлауын өткізуге байланысты құжатқа қол қойған. Сол күннен бастап Республика бойынша президент сайлауына дайындық жұмыстары басталып кеткен.

Биылғы сайлауға Ильхам Әлиевтен бөлек бес үміткер қатысуда. 2016 жылы өзгертілген Конституция бойынша президент жеті жылға сайланады. Ильхам Әлиев билік басына 2003 жылы келген. Ол сол уақыттан бері 2008 және 2013 жылдары өткен сайлаулардың барлығында жеңіске жеткен. Сарапшылар пікірінше, Әлиев биылғы сайлауда да сөзсіз жеңеді.

“The Qazaq Times”