Қазақстанда жыл басынан бері 60 миллион долларға 20 мемлекеттік нысан сатылды.
Сәуір айының 10-ы күні өткен үкімет отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жыл басынан бері ел аумағында қанша мемлекеттік нысан жекенің қолына өткенін мәлімдеді. Министр сөзінше, 2018 жылдың басынан бері 45 мемлекеттік нысан сатылымға шығарылған. Қазіргі таңда 20 нысан 19 млрд теңгеге (59 миллион 375 мың долларға) сатылған.
Бұдан бөлек Сұлтанов мырзаның айтуынша, биыл мемлекет иелігіндегі 71 жоғары санаттағы нысан сатылымға шығарылған. Қазірдің өзінде 13 нысан 95 млрд тегеге (296 миллион 875 мың долларға) сатылып кеткен. Жалпы, ағымдағы жылы жоғары санаттағы 40 нысанды сату жоспарланған. Қазіргі таңда оның 6 нысан сатылымға шығарылған. Ал қалған 34 нысанға сату алдындағы дайындық жұмыстары жүргізілуде.