Федералды барлау басқармасы Дональд Трамптың адвокаты Майкл Коэнның кеңсесіне тінту жүргізді – деп хабарлайды жергілікті БАҚ өкілдері.
Федералды барлау басқармасы агенттері тінту барысында Коэннің кеңсесінен аты шулы порноактриса Сторми Дэниелске қатысты құжаттарды тәркілеген. Майкл Коэнның ресми өкілі Стивен Райанның сөзінше, Федералды барлау басқармасының тінту әрекетіне Дональд Трампқа байланысты «Ресей ісін» тексеріп жүрген арнайы прокурор Роберт Мюллердің қатысы бар.
Дональд Трмаптың өзі Федералды барлау басқармасының бұл әрекетіне «өте ұят жағдай» - деген баға берген. Ол аталмыш оқиғаға байланысты журналистер алдында сөйлеген сөзінде:«Федералды барлау басқармасының тінту жұмыстары таза «аңшының» істейтін ісі. Бұл өте ұят жағдай» - деген.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды