Түркіменстан кедені ел төңірегіне әйелдерге арналған шомылу киімі мен шолақ шалбар (шорты) әкелуге тыйым салды.
Бұл туралы хабарлаған Түркіменстанның "Азаттық" Радиосы, қазіргі уақытта жекеменшік дүкендер аталған тыйым шарасы енгізілмей тұрып кеденнен өткен тауарларды (шорты, шомылу киімдері) жаппай сатылымға шығаруда. "Кеден аймағында аталған тауарлардың Түркімен территориясына өткізілмеуі қатаң бақылауға алынуда. Негізінде, жаз мезгілінің жақындауына байланысты сондай киімдерге деген сұраныс та артуда. Бірақ кеденшілер мұндай тыйымның нақты себебін айтпауда" , - дейді "Азаттық Түрікмен" тілшісі. Түркіменстан басылымдарының осыған қатысты хабарларында соңғы жылдары жаз мезгілінде әйелдер арасында да, ерлер арасында да шолақ шалбар сәнге айналғаны талқылануда. Енді түркімендерге Түрікменстанның жазғы 50 градусқа дейінгі қапырық ауа райы жағдайына ыңғайлы киімдерінен бас тартуларына тура келмек.
Негізінде, бұл соңғы аптада Түркіменстанда киім-кешек пен сыртқы келбетке қатысты енгізілген бір ғана тыйым емес. Наурыз айының соңында Ашхабадтағы мемлекеттік қызметкерлерге тырнақтары мен кірпіктерін өсіріп, бояуға, шаштарының түстерін өзгертуге, сонымен қатар, алтын әшекейлер тағынуға тыйым салынған еді. Түркіменстан кедені ашық түсті шаш бояуларын, сондай-ақ шашты мелирлеу мен түссіздендіруге арналған заттарды ел территориясына өткізбей қойған болатын.