Бүгін Түркияның орталық қаласы Анкарада Түркия, Ресей және Иран елдерінің басшылары бас қоспақ. Кездесудің басты тақырыбы Сүрия мәселесі, ондағы саяси шешімдер туралы болады деп хабарлауда түрік ақпарат құралдары.
Ресей президенті Владимир Путин мен Иран президенті Хасан Рухани Анкараға барып, Түркия басшысы Ердоғанмен бірге үш жақты кездесу өткізбек. Кездесуде Сүрияның территориялық тұтастығы, Астана процесінің жалғасуы, қақтығыссыз аймақтарды тұрақтандыру, оған қоса маңызды саяси шешімдер мен терроризмге қарсы күрес тақырыптары талқыланбақ.
Түркияның «Анадолы» ақпараттық агенттігінің хабарына қарағанда, үш жақты кездесуден бір күні бұрын Түркия мен Ресей арасында жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесінің 7-ші отырысы Анкарада болып өткен. Екі ел басшылары Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты ауқымды түрде кеңейту туралы бірқатар келісімге келген. Бұл туралы хабарларға қарағанда, Ердоған мен Путин экономикалық байланысты тереңдету, «Түрік ағыны» экономикалық жобасы, Аккую атом стансасы және S-400 зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін сату-сатып алу мәселелері талқылаған. Екі ел президенті Аккую атом электр-стансасының іргетасын қалау рәсіміне қатысқан.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді