Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путиннің кездесетінін растады.
2 сәуір күні өткен баспасөз мәслихатында Ақ үйдің ресми өкілі Сара Сандерс алдағы уақытта Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесетіндігін мәлімдеді. Оның сөзінше, АҚШ пен Ресей президенттері кездесу жөнінде наурыз айының 20-ы күні телефон арқылы сөйлесу барысында келіскен. Кездесу өткізуді Дональд Трамп ұсынған. Ал Путин оны қабыл алған. Бірақ әзірге кездесудің қай уақытта өтетіндігі белгісіз.
Бұған дейін Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Мәскеу қаласында өткен брифингте Дональд Трмап пен Владимир Путиннің телефон арқылы сөйлескенін және АҚШ президентінің Ресей басшысына кездесу өткізуге байланысты ұсыныс жасағанын мәлімдеген. Бұдан бөлек ол аталмыш әңгімеден кейін Сиэтл қаласындағы Ресей елшілігінің жабылғандығын айтқан.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды