Ресей қарулы күштерінің таратқан мәліметіне қарағанда, алдын ала қол жеткізген келісім бойынша, Сүрия көтерілісшілері өз бақылауында ұстап тұрған соңғы ауданнан шығып кеткен. Бұл Сүрия үкіметінің қарулы шабуылды бастаған 6 аптадан бері алғаш рет Дамаск маңындағы өңірді толық бақылауына алуы болды. Дегенмен, бір жарым ай ішінде кемінде 1600 бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы VOA ақпараттық сайты хабарлады.
Сүриядағы көтерілісшілер тарабы аталған хабарды растап мәлімдеме жасаған. Дегенмен, Ресей тарабы эвакуацияның қай уақытта басталатыны туралы анық мәлімет бермеген. Сүрия режимінің әуе шабуылдарынан неше мыңдаған Гута тұрғындары баспанасын тастап кетуге мәжбүр болған еді. Аталған аймақтағы әлеуметтік жағдай қиындай түскен.
Сүрия үкіметінің ресми мәлімдемесінде айтылғандай, Шығыс Гутадағы үкіметке қарсы күштер апта соңында өңірді тастап кете бастаған. Мәліметте олардың ендігі беталысы Идлиб екені айтылған. Сүрия үкіметі әскери операциялардан зақымдалған қаланы қалпына келтіру істерін тез арада бастайтынын да алға тартты. Дегенмен, баспанасынан айырылған мыңдаған тұрғындарды қашан қалаға қайтып оралатыны туралы анық мәлімет жоқ.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел