Орталық Африка Республикасының (ОАР) 650 босқыны Конго Республикасынан өз еріктерімен қайта бастаған. БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі Жоғары комиссары басқармасы босқындардың ОАР-дың оңтүстік-батысындағы Монгумба қаласына орналастырылғанын мәлімдеген. Бұл туралы www.dw.com агенттігі БҰҰ-ның ресми ақпаратына сүйеніп хабарлауда.
Орталық Африканың Қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі министрі Генри Уанзет баспасөз өкілдеріне берген сұхбатында: "Отандастарымыздың кері оралуы елде бейбітшілік пен қауіпсіздіктің орнай бастағанының көрінісі" , - деп, бұдан кейін де шет елдердегі қандастарын отандарына қайтаруды қолға алатынын айтты.
Орталық Африка Республикасы көптен бері Антибалака христиандық ұйымы мен "Селека" террористік "мұсылман" тобы арасындағы қақтығыстардың сахнасына айналған. Елдегі мұсылмандарға бағытталған күш көрсету оқиғалары министр Мишель Джотоданың қаңтар айында қызметінен босатылуымен және оның орнына Катерин Самбоның келуімен шиеленісе түскен. Антибалака белсенділері мұсылмандарды 2013 жылдың наурыз айынан бері билікті өз қолына алған және көбінесе христиандарға бағытталған күш көрсету оқиғаларына қатысы бар "Селека" ұйымына қолдау көрсетеді деп кінәлауда.
Осы ақпаратқа қатысты бірқатар деректерді сараптап, статистикаға көз жүгіртер болсақ, БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі Жоғары комиссары басқармасының мәліметінше, өткен жылдың желтоқсан айынан бері 173 адам күш көрсету оқиғаларына байланысты үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Олардың шамамен 40 мыңы көрші елдерге бас сауғалаған. Соның ішінде Конго Республикасында шамамен 33 мың ОАР босқыны бар екен.