Түркия президенті Ердоған Түркия мен "Сүрия Демократиялық Күштері" (SDF) арасында араағайындық жасағысы келген Франция президенті Эммануэль Макронға қатаң жауап қайтарды, деп хабарлайды "bbc.com"ақпарат агенттігінің түрік редакциясы.
"Қатқылдау болса да, керекті жауабын бердім"
Ердоған: "Францияның бұл қылығы көңіл-күйімізді бұзды. Өткен аптада Макронмен сөйлестім. Өзі, ақылға қонбайтын нәрселер айтты. Тым қаталдау болса да, қажетті жауабын бердім. Бізді террористерге қатысты қабылдай алмайтын шешімге мәжбүрлеуге ешкімнің қақы жоқ. Егер Францияның бұл қадамы рас болса, онда тым шектен шыққан екен. Саған мұндай міндетті кім берді? Біз араағайындыққа мұқтаж емеспіз" , - деп, Франция президентінің ұсынысына қатаң жауап қайтарды.
Осыдан бұрын да хабарлағанымыздай, Франция президенті Э.Макрон Манбиджде бақылау орнату мақсатында әскери қимыл бастауға дайындалып жатқан Түрік күштерінің шабуылының алдын алу мақсатында "Сүрия Демократиялық Күштері" (SDF) мен Түркия арасында араағайындық жасамақшы болған еді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті