Неміс баспасөзінде таратылған хабарларға қарағанда, түрік әскерінің Афринге кіруіне байланысты Сүриядан Германияға қарай Күрд Жұмысшылар Партиясының (PKK) террористері "үдере көшкен". Бұл Германия билігінің алаңдаушылығын оятуда.
Солтүстік Рейін Вестфалияның ең көп таралыммен шығатын "Express" басылымында жарық көрген хабарға сүйенсек, "PKK" террорлық ұйымы соғысқа қатыстыру мақсатында 300 адамды өз қатарына қосып алған. Жоғарыда да айтып өткеніміздей, ақпарат агенттіктерінің жазуынша, түрік әскері Афринге кіргеннен кейін террорлық ұйымның соғыс тәжірибесі бар 125 мүшесі Германияға кеткен. Германиядағы түрік әскерінің қоймасында немістің "G3" атыс қаруы мен "Leopard 2" танкі де бар көрінеді. Германия билігі ұйым мүшелері осыны пайдаланып, шабуыл жасайды деп алаңдайды.
Сонымен қатар, "PKK" жақтастарының Германиядағы түріктерге тиесілі ғимараттар мен діни жамағаттарға қарсы ұйымдастырған террорлық шабуылдардың күннен-күнге артып жатқандығы жазылған "Express" басылымында: "20 қаңтарда басталған әскери операциядан ("Зәйтүн бұтағы") кейін Германияның да тыныштығы бұзылды. Олардың көбісі елдегі түрік нысандарына бағытталды. Кельн және Ливеркузендегі 6 мешітке де шабуыл жасалды" , - делінген.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті