Өзбекстан Иран мұнайын Қытайға сатпақ – деп хабарлайды Fars News ақпарат агенттігі.
Fars News мәліметінше, Өзбекстан сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаев Трансауғанстан темір жол дәлізіне байланысты журналистер алдында сөз сөйлеген. Онда ол: «Ташкент пен Кабул Трасауғанстан темір жол дәлізінің құрылысын тез арада аяқтап, пайдалануға беруге ниетті. Бұл темір жол сөзсіз тауар айналымы мен жүк тасымалы қарқынын ұлғайтады. Өзбекстан Трансауғанстан темір жол дәлізі арқылы Иранның Бандер-Аббас портына тікелей бағыт алады. Осы жол арқылы Иран мұнайын Қытайға тасымалдауға болады» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Өзбекстан билігі Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан бағытындағы темір жол торабының құрылысын бастауға байланысты мүдделі тараптардың келісімге келгендігін мәлімдеген. Жалпы, ресми Ташкент билік басына Шавкат Мирзиеев келгелі бері ашық саясат ұстануда. Өзбекстан соңғы бір жылда көршілес мемлекеттермен араға 20 жыл салып қайта байланыс орнатқан.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?