Британдық The Economist журналының Economist Intelligence Unit (EIU) деп аталатын зерттеу және талдау бөлімі әлемдегі ең қымбат қалалалардың тізімін жасады. Әдеттегідей Сингапур ең қымбат қалалар тізімінде көш бастап тұр.
Екінші қорында Париж, одан кейін Цюрих тұр. Ең қымбат қалалардың ондығына Гонконг, Осло, Сеул, Женева, Копенгаген, Тель-Авив және Сидней кірді. Ал 2014 жылы осы ондықтың ішінде болған Токио өткен жылы 4 орында болған, биыл 11 орында.
Өмір сүру құны қымбаттай түскен қалалардың бірі - Мехико. Себебі Солтүстік Американың еркін сауда туралы келісімді қайта қарау келіссөздерінен кейін мексикалық песо әлсірей түскен.
Аталған рейтинг бойынша тізімді Үндістанның Бангалору аяқтап тұр. EIU бағалауы бойынша ең арзан қалалар тізіміне Вченнай, Карачи, Нью-Дели, Дамаск, Каракас, Алматы, Лагос, Алжир және Бухарест кірген.
EIU Нью-Йорктегі күнкөріс деңгейімен салыстыра отырып, жылына екі рет әлемнің 133 қаласындағы өмір сүру құнының индексін есептейді. Сарапшылар 400-ге жуық тауар түрінің және 160 түрлі қызметтің бағасын салыстырады.
Жалпы сарапшылардың мәліметінше, жоғарыдағы басқа қалалармен салыстырғанда Сингапурда күнделікті сұраныстағы тауарлар арзан. Алайда халықтың автокөлікке жұмсайтын шығындары мегаполистің бірінші орында болуына әсер етіп отыр.
Ал Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург қалалары қымбат қалалар тізіміне басқа көрсеткіштер бойынша еніп отыр. Мысалы бағаның көтерілуіне байланысты Мәскеу 8-ші, Санкт-Петербург 3-ші орында тұр. Ал шын мәнінде ең қымбат қалалар арасында екі қала 86 және 98 орында.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді