Жапония үкіметі өткен жұмада, АҚШ президенті Доналд Трамптың жасаған ұсынысынан бас тартты. Бұдан бұрын Трамп Жапонияға валюта бағамын шеңгелдеу үшін, анағұрлым қатаң бақылау шарасын қолдануын, кез келген сауда келісімдерінде АҚШ сауда тапшылығын қысқарту сынды ұсыныс тастаған болатын.
The Wall Street Journal басылымының айтуынша, Жапония үкіметі АҚШ-пен еркін саудадағы екіжақты келісімдерді кеңейтуі мүмкін екен білдірген. Алайда, валюта бағамын шеңгелдеу тәсілін қолданбақ емес. Бұл туралы жасаған Трамптың ұсынысы жапон үкіметі жағынан тойтарысқа ұшырады. Есесіне TPP (Транс-Тынықмұхиттық сауда келісімі) шарттарын толықтай сақтайтындықтарын айтты.
Жапония жоғарғы үкіметінің мәлімдемешісі өткен жұма да журналистерді қабылдағанда, Жапония мұндай ұсыныстарға TPP-дағы келіссөздер барысында толық жауап беретінін білдірі. Жапон үкіметі өз көзқарасын ашық білдіріп, Тынықмұхиттық сауда ынтымақтастық келісіміндегі белгілемелерді жалғасты сақтайтындығын, АҚШ-пен де екіжақты кеңейтілген сауда келесімдерін жасауға әзірлігін білдірді.
Ауд. Қолтуған ТӘҢІРЖАР
“The Qazaq Times”


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы