АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон отставкаға кетті – деп хабарлайды CBS News телеарнасы.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Рекс Тиллерсонның отставкаға кеткені жөнінде ел президенті Дональд Трамп өзінің Twitter парақшасына жазған. Онда ол: «СIA (ЦРУ) басшысы Майк Помпео біздің жаңа мемлекеттік хатшымыз болады. Ол фантастикалық жұмыстар істейді. Рекс Тиллерсонға қызметі үшін рахмет. Жина Хаспел СIA-дың жаңа директоры болады. Барлыған құттықтаймын» - деген.
Бұдан бөлек Дональд Трамп Рекс Тиллерсонның отставкаға кетуіне байланысты «CBS News» телеарнасына берген сұхбатында: "Біз өте жақсы тіл табыстық. Бірақ көзқарастарымыз қайшы болды. Екеуміз екі түрлі ойладық, Тиллерсонның отставкаға кетуін мен ұзақ уақыттан бері айтып келемін. Рекс енді әлдеқайда бақытты өмір сүретін шығар" - деген.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап