Cоңғы он жылда Біріккен ұлттар ұйымы дағдарыс салдарымен күресуге 233 млрд доллар жұмсаған. Бұл туралы Бас Ассамблея жиынында ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерриш "Бейбітшілік құру және бейбітшілікті сақтау" атты баяндамасында мәлімдеді, деп хабарлады РБК.
БҰҰ бас хатшысының мәліметінше, бұл қаражат гуманитарлық, бітімгерлік және босқындарға көмекке жұмсалған. Ол жұмсалған ақшаның өтелетінін, алайда адам өмірі қайтарылмайтынын тілге тиек еткен. Сондықтан дағдарыстан кейін әрекет етудің орнына, оны алдын-алу жұмыстарына көп қаржы жұмсауымыз керек», - деді Гутерриш. Оның айтуынша, істі алдын алу дипломатиясы адамдарды құтқарып қана қоймай, экономикалық тұрғыдан да ұтымды болады.
БҰҰ хабарына қарағанда, дағдарысты алдын алуға қатысты шараларды қабылдау арқылы халықаралық ұйым жылына 5 млрд доллардан 70 млрд долларға дейінгі қаржыны үнемдей алады екен. Мұндай мәліметтерді Дүниежүзілік банк келтірген. Ал Гутерриш ұйым қабылдауы тиіс қажетті шаралар қатарына қолдан келгенше қолдау көрсету және ұйымға мүше елдердің жұмыс істеуі кіретінін айтады.
Бұдан бөлек Гутерриш бейбітшілік құру жөніндегі қордағы қаражат 250 млн долларды құрайтынын атап өтті. Осылайша ол қордың жарғылық капиталын 500 млн долларға дейін жеткізуді ұсынып отыр.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?