2018 жылы төтенше жағдайлар үшін республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі 121,10 млрд теңгені құрайды. Биыл жалпы шығындарға республикалық бюджеттен 8,96 трлн теңге бөлінген.
"Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған "2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заң бойынша алдағы үш жылда төтенше жағдайлар үшін 357,57 млрд теңге жұмсалуы мүмкін.
Төтенше жағдайларға бөлінген шығын көлемі биыл көп болғанмен, 2019 жылы 118,44 млрд теңгеге дейін (жалпы бюджет шығыны - 9,54 трлн теңге) және 2020 жылы 118,03 млрд теңгеге дейін төмендейді.
Сонымен жалпы төтенше жағдайлар бойынша ең көп қаражат қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге бөлінген - 70,28 млрд теңге. 2019 жылы бұл көрсеткіш 70,27 млрд теңгені, 2020 жылы 70,39 млрд теңгені құрайтын болады.
Ал 45,64 млрд теңге "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы қызметті ұйымдастыруға" бөлінді (2019 жылы - 42,99 млрд теңге, 2020 жылы - 42,31 млрд теңге).
Десек те, жыл сайын төтенше жағдайлар үшін миллиардтаған қаржы бөлінгенмен, еліміздегі апатты жағдайлардың алдын алу мүмкін болмай келеді. Бөлінген қаражат себебімен емес, тек салдарымен күресуге жұмсалып жатқандай.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті