Түркия ақпарат құралдарының жексенбі күнгі хабарына қарағанда, түрік қарулы күштері Африн аймағында күресіп жатқан PYD-YPG ұйымының жетешісі Германияның орталық қаласы Берлинде бой көрсеткен. Түркиялық БАҚ аталмыш PYD-YPG ұйымының жетекшісі Салих Муслим осыдан бұрын Чехия астанасында тергеуде болғанын және Прага жағы оны босатып жібергенін айтады. Бұл туралы «Анадолы» ақпарат агенттігі хабарлады.
PYD-YPG ұйымының жетекшілерінің бірі Салих Муслин Берлиндегі Түркияның қарулы операциясына наразылық шарасына қатысқан. Шараны PKK, PYD-YPG ұйымының жақтаушылары ұйымдастырған делінді. Хабарда бұған қоса, шеруге қатысушылар мен полицейлер арасында қақтығыс болғаны айтылды. Қақтығыста 4 полицей жараланып, PKK жақтаушыларының үш жетекшісі тергеуге алынған.
Түркиялық БАҚ-тың осыған ұқсас тағы бір хабарында, 2017 жылы Германиядағы мешіттер мен мұсылмандар орталығына 950 рет шабуыл жасалып, 33 адам жарақат алған. Германия ІІМ-нің мәліметінде, шабуыл жасаушылардың басым көбі радикал оңшылдар делінген.