Ирак Ресейден С-400 зымыран кешенін сатып алмақ – деп хабарлайды Oxu.az ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметінше, қазіргі таңда Ирак билігі Ресеймен С-400 зымыран кешенін сатып алуға байланысты келіссөздер жүргізуде. Бірақ С-400-ді Ирактың жақын аралықта сатып алатындығы жөнінде ешқандай ресми ақпарат таратылмаған. Ирак Сыртқы істер министрі Ибрагим әл-Жафаридің сөзінше, дәл қазіргі жағдайда өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Иракқа қару-жарақ ауадай қажет.
Шетелдік сарапшылардың ойынша, ресми Бағдадтың бұл шешіміне АҚШ қарсы шығуы мүмкін. Себебі бұған дейін Түркия Ресейден С-400 зымыран кешенін сатып алатынын мәлімдегенде АҚШ пен Еуроодақ елдері ресми Анкараға қарсы шаққан.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды