Оңтүстік Кореяның жетекшілері АҚШ-ты Солтүстік Кореямен келіссөз жүргізудің алғышартын жұмсартуға шақырды. Оңтүстік Корея АҚШ-тың келіссөздің алғышартын қатаң күйде ұстауы Сеул тарабының Солтүстік Кореямен келіссөз жүргізуге жасап жатқан құлшыныстарын жоққа шығаруы мүмкін деп алаңдайды. Бұл туралы WSJ басылымы хабарлады.
Оңтүстік Корея президенті Мүн Жайн (Moon Jae-in) дүйсенбі күні Қытай басшысы Ши Жинпиңнің арнайы өкілімен кездескен кезде: «АҚШ тарабы келіссөздің табалдырығын аласартып, Солтүстік Корея ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы керек», - деген. Бұны Сеулдегі президент сарайының арнайы өкілі өзінің мәлімдемесінде атап өтті.
Мәліметке қарағанда Мүн Жайын дүйсенбі күні Қытай төрағасының орынбасары Лю Яндоңмен кездескен. Кездесуде Оңтүстік Корея басшысы көктем кезінде өтетін АҚШ-Оңтүстік Корея бірлескен әскери жаттығулардың салмағын жеңілдетуді ақылдасып жатқанын да айтып өткен.
АҚШ осыған дейін Солтүстік Кореямен келіссөздің тек ядролық қаруды жоғалту турасында ғана өткізетінін айтып келген. Ал Солтүстік Корея болса ядролық қарудан бас тартпайтынын, сонымен қоса АҚШ-ты өзінің ядролық мәртебесін мойындауы керек деп келген. Мүлде тоғыспайтын осы мүдделер Корей түбегі қайшылығын ушықтырып келіп еді. Оңтүстік Корея бұл реттен Пиоңчаң олимпиадасы арқылы Солтүстік Кореяны келіссөз үстеліне бір табан болса да жақындатты. Алдағы уақытта Құрама Штат бір шегініс жасамаса, оңына басып келе жатқан Солтүстік Корея мәселесі тағы ушыға түседі.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі