Сауд Арабиясы тарихында алғаш рет әскер қатарына әйелдерді алуға өтініш қабылдай бастады, - деп хабарлайды ВВС ақпарат агенттігі.
Алдағы бейсенбіге дейін әйелдер Эр-Рияд, Мекке, Аль-Кассим және Медина қалаларында сарбаз болуға өтініштерін тапсыру керек. Әйелдерді әскери операцияларға қатыстыру қарастырылмаған, бірақ қауіпсіздік саласында жұмыс істейтіні анық.
Үміткерлерге 25-35 жас аралығындағы жоғары білімді, Сауд Арабияның азаматы болу талабы қойылған. Жалпы тізімде 12 талап бар.
Сарбаздар қатарына әйелдерді алу шешімі Сауд жұртында соңғы айларда жүргізіліп жатқан реформалар шеңберінде әйелдердің құқықтарын көбейтуге байланысты қабылданды.
Салман хан маусым айынан бастап әйелдер көлік айдай алса, өткен айдан бастап футбол матчтарын стадионда көре алатынын айтты.
Дегенмен құқық қорғаушылар Сауд Арабиясының берген уәдесіне қарамастан, елдегі дискриминациялық жүйе өзгеріссіз қалды деген ойда. Осы жүйе бойынша, әйел адамдар елден шығу, тұрмысқа шығу үшін рұқсат алу керек. Сонымен қатар жұмысқа тұру үшін немесе медициналық қызметке жүгіну үшін де біреудің келісімін алу керек.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті