Бір жыл ішінде біз күтпеген небір жаңалықтар болуы мүмкін, әсіресе, әлемдік сәулет өнері ылғи өзгеріс үстінде. 2016 жыл көкпен таласқан бірнеше ғимараттың дүниеге келуімен есте қалды. Әлемдік сәулет тарихына өзіндік ерекше стилімен келген Тайландтағы ең биік мұнара MahaNakhon және Вашингтондағы Африка-Америка тарихы мен мәдениеті ұлттық музейінің ашылуына куә болдық.
2017 жылдың көптен күткен жобаларының бірі әлемдегі тұңғыш әйел-архитектор атанған Заха Хадидтің туындысы - Неополь-Афрагола жүрдек пойыздар темір жол стансасы. Бұл ғимараттың сырт көрінісі жыланның мүсінін еске салады. Балаларға арналған атақты блоктары мен бір-бірімен өзара жымдасқан бөліктері де ғимаратқа айрықша сән береді, – деп жариялады cnn.com
Неополь-Афрагола жүрдек пойызы темір жол стансасы, Неаполь — Лондонда іргесі қаланған Заха Хадидтің архитектурасы. Ғимаратының дизайнына өз қолтаңбасын қалдырды
Неополь-Афрагола жүрдек пойыздар темір жол стансасы, Неаполь —Жақын арада жұртшылық осы стансасының ұзын туннелін көре алады.
Неополь-Афрагола жүрдек пойыздар темір жол стансасы, Неаполь — бұл жай ғана темір жол бекеті емес, онда жолаушылар үшін арнайы қоғамдық орындар, серуендеуге арналған жағалаулар бар. Интерьерлері жанға жайлылық сыйлайды және табиғи жарықпен қамтылған.
Абу-Дабидегі Лувр Өнер мұражай құрылысын алғашқыда 2012 жылы аяқтау жоспарланғанымен, көптен күткен ашылу салтанатын 2017 жылға қалдырған. Жобасын Францияның атақты сәулетшісі Нувель Жан (Jean Nouvel) жасаған. Авторлық қаламақы - 653.4 миллион доллар.
Абу-Дабидегі Лувр Өнер мұражайы, бұл - Жан Нувельдің тарих пен географияға деген қызығушылығынан туындаған. Музейдің төбесі күмбез тәрізді, металл бетіндегі майда саңылаулар арқылы күн сәулесі ішке түседі.
LEGO House архитектурасы Биллунн, Дания - Бьярке Ингельс атты жаңа заманғы сәулетшілер тобының туындысы. Конструктор бөлшектерінің қарапайымдылығына қызыққан сәулетшілер жаңа ғимаратты Lego пішінінде жасауға бел буды.
LEGO House архитектурасы Биллунн, Дания — бұл ғимарат дәмхана, балаларға арналған ойын алаңдары және Lego сауда дүкенімен қамтылатын болады.
Кейптаундағы Zeitz Қазіргі заманғы өнер мұражайы 2017 жылдың ең ірі жобасы болып саналады. Бұған дейін астық сақтайтын қойма болған тарихи кешенді 100 мың квадрат футқа созып, Африкадағы ең үлкен музей етпекші.
Кейптаундағы Zeitz Қазіргі заманғы өнер мұражайының алдыңғы көрінісі Лондондық Heatherwick Studio-сының жобасы. Сәулетшілер ғимараттағы бірнеше тарихи элементті сақтаған, оның ішінде алыстан-ақ бірден көзге шалынатын бетон құбыр полотнасын көруге болады.
Хуаншан Mountain Village, Аньхой – ежелгі Қытай кескіндемесі сияқты. Ол Тайипин көлінің жоғары жағында орналасқан. Ауылдағы үйлер ғарыш капсуласына көбірек ұқсайды, ал ондағы тау металдан жасалған.
Хуаншан Mountain Village, Аньхой- бұл ауқымды жоба жергілікті таулы мәдениетті көрсетуге бағытталған.
Хуаншан Mountain Village, Аньхой - аймақтың толқын тәріздес белестері, көп деңгейлі шай плантациялары, аз қабатты ғимараттары 200 футты құрап, жеке және мемлекеттік мақсаттарға қызмет етеді.
Silo, Копенгаген - Даниялық COBE компаниясының өнеркәсіптік аймақты түрлендіруге арналған жобасы. Астық сақтайтын тарихи контейнерден индустриялық аймаққа айналдырған.
Silo, Копенгаген - кешенде пәтерлер, көрме кеңістігі және әдемі панорамалық көріністі мейрамхана бар. Сондай-ақ, аталған кешен Копенгагендегі ең көрнекі орын болуды мақсат тұтады.
Guardian өнер орталығы, Бейжің - Халықаралық Büro Ole Scheeren сәулет фирмасының туындысы. Бейжіңнің ежелгі архитектуралы орталығында 68027 квадрат футты құрайтын Guardian өнер кешені жаңа әлемді көрсетуге бағытталған.
Guardian өнер орталығы, Бейжің - Алайда, Guardian өнер орталығы тек өнер туралы ғана емес, гибридті өнер кеңістігі де болады. Ол бірнеше мейрамхана, 120 бөлмелік қонақүй және білім беру нысандарын біріктіреді.
Ива Сен-Лоран музейі (Yves Saint Laurent Musée), Марракеш - Мороккадағы Марракеш қаласында ашылатын бұл мұражайда Ива Сен-Лоранның жұмыстары қойылады. Оның бірі осы қалада, екіншісі Франция астанасында ашылмақшы.
Ива Сен-Лоран музейі (Yves Saint Laurent Musée), Марракеш - Франциялық Studio KO сәулет фирмасы дизайнын жасаған. Музейге келушілер Ива Сен-Лоранның туындыларынан, әсіресе, қисық әйелдер сұлбасынан шабыт ала алады.
Блавандтағы Бункер Музейі, Блаванд, Дания - Бьярке Ингельс сәулет фирмасының тағы бір ауқымды жобасы. Ғимарат неміс әскери жағалауында және таулы-қыраттардың ортасында орналасқан.
Блавандтағы Бункер Музейі, Блаванд, Дания - Ғимарат алдындағы алаңқайдың пішіні үстінен қарағанда жүрек тәріздес көрінеді.
Кантабрия, Биотин орталығы – Жаңа жоба Madrid негізіндегі Luis Vidal дің архитектурасы мен Renzo Piano колекциясының құрлыс шеберханаларымен бірлесіп жасаған. Бодин орталығы мәдениет, өнер, ғылым және арнаулы уақыт өткізуге арналған алаң. Арнай авто тұрағы бар.
Заманауи өнер мұражайы, Джакарта - бұл биылғы жылдың алғашқы заманауи музейі. Дизайнын Ұлыбританя астанасында Met Студия фирмасы әзірлеген. Мұражайда Индонезия, АҚШ, Батыс Еуропа және Азия елдерінен 800 жинақ ұсынылады.
Чжанцзяцзе Гранд-Каньон Шыны көпірі (Zhangjiajie Grand Canyon Glass Bridge), Чжанцзяцзе - Израильдік Хаим Дотан сәулет фирмасының жобасы. «Аватар» фильмінен шабыт алған сәулетшілер көпірдің панелін шыныдан жасаған. Ол бір уақытта 800 адамды көтеретін болған. Көпір өткен жылдың тамызында келушілердің көптігі салдарынан бүлініп, жабылып қалған. Жөндеуден кейін көлемі ұзартылып, әлемдегі ең ұзын шыны көпір болып қайта ашылмақшы. Ол кезде бір уақытта 1250 адамға дейін көтере алады.
Чжанцзяцзе Гранд-Каньон Шыны көпірі (Zhangjiajie Grand Canyon Glass Bridge), Чжанцзяцзе - Шыны көпір қай жағынан алып қарасаңызда таңқаларлық жоба. Көпір құрылысына құны 3,4 миллион долларды құрайтын шыны пайдаланылған. Шоу үшін шынысы қараңғы түскен кезде көрінбейтіндей етіп әзірленген.
Ню Иорк, 28 көше, батыс 520. 11 қабатты тұрғын үйдің дизайнын Прицкер сыйлығын иеленген белгілі сәулетші Заха Хадид жасады.
Ню-Иорк, 28 көше, батыс 520. Терезе жақтаулары склуптуралы бұрышталған, ауласы бақшалы ғимараттың пентхаус пәтерлері 50 млн долларға бағаланып отыр.
Ню-Иорк, 28 көше, батыс 520. Жаңа салынған ғимарат Whitney мұражайына жақын. Hudson Yards аумағын кеңістікте тұрып көруге болады.
Манчестер университеті тіл жетілдіру орталығының студенті
Назерке Сүйіндікова
“The Qazaq Times”