Түркия премьер-министрінің орынбасары Бекир Боздаг "сүриялық әскердің Африн қаласындағы күрдтер анклавына (құрамы) қосылады" деген БАҚ-тың жариялаған ақпараты жалған екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Al Jazeera ақпарат агенттігі.
Бірақ Бекир Боздагтың (Bekir Bozdag) айтуынша, сүриялық сарбаздардың күрдтер одағына көмектесуі Сүрияның солтүстік-батысына түріктердің шабуылдауына итермелейді, ал бұл аймақтағы үлкен апат болайын деп тұр.
Дүйсенбі күні өткен министрлер отырысында Боздаг: "Түркия күрдтер одағына қарсы әуе және құрлық шабуылын соңғы террористің көзін жойғанша жалғастыра береді", - деп сүриялық "SANA" ақпараттық агентігінің есебіне жауап берді.
SANA-ның есебі түрік әскері мен сүриялық күштердің (Ресей мен Иран қолдап отырған) соғысу мүмкіндігін қарастырған.
SANA-ның мәліметінше, Сүрия үкіметі мен күрдтер одағы арасындағы келісімнен кейін есеп дұрыстап талқыланады.
Бірақ күрдтер одағының өкілі Дамаскпен келісімге келуден бас тартты.
Сүрия президенті Башар аль-Асадтың (Bashar al-Assad) әскері Сүрияның солтүстігін 2012 жылы босатты, себебі оның елді басқаруына қарсы халықтың наразылығы күшейіп, азаматтық соғысқа айналып кетті.
АҚШ қолдап отырған "Сүрия демократиялық күштерінің" бір бөлігі саналатын күрдтер одағы (YPG) ИГИЛ-ға қарсы шабуыл кезінде Сүрияның солтүстігіндегі біраз аймақты өз бақылауына алды.
АҚШ-тың күрдтер одағын қолдауы Түркияның ызасын келтірді, себебі Түркия оларды "террорлық" топ санайды. Анкара күрдтер одағын бірнеше жыл бойы елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде түрік үкіметіне қарсы көтеріліске шығып жүрген "Күрдістанның жұмыс партиясының" бір бөлігі ретінде қарастырады.
20 қаңтарда Түркия Африндегі күрдтер одағының сарбаздарын қуып шығу үшін сүриялық соғыста жаңа фронт ашты.
Түркияның СІМ-і Мевлют Чавушоглу (Mevlut Cavusoglu) Аммандағы (Иордания) баспасөз конференциясы кезінде Асадтың әскері күрдтер одағына көмектесу үшін Афринға кіретін болса, Түркия қарсы шабуылға шығатынын айтты. "Режим күрдтер одағына жақтасатын болса, Түркияны немесе түрік сарбаздарын ешкім де тоқтата алмайды", - деді министр.
Түркияның мемлекеттік "Anadolu" агенттігі Режеп Тайып Ердоғанның (Recep Tayyip Erdogan) Африндегі соңғы жаңалықтар жайлы ресейлік және ирандық әріптестерімен телефонмен сөйлескенін мәлімдеді.
Ұлыбританиядағы Сассекс университетінің (Sussex University) оқытушысы Камран Матин (Kamran Matin): "Барлығы сүриялық үкімет пен күрдтер арасындағы келісімге және Ресейдің қай ел жағында екеніне байланысты. Егер Ресей шынымен қызығушылық танытса, түрік әскері Африндегі сүриялық әскерге қарсы шабуылдаған жағдайда өз одақтасына жақтасатыны анық. Түркияның әуе әскері үшін Ресей әуе кеңістігін жауып тастап, Түркияның кез келген әскери операциясының алдын кесуі де мүмкін. Себебі Африндегі қақтығыста Түркия осы әуе күштерінің арқасында басымдыққа ие болған", - деді.
Түркия, Иран және Ресейдің Сыртқы істер министрлері 14 наурызда Стамбулда бас қосады.