2017 жылы Қазақстан 660,7 млн долларға 4,2 млн тоннадан аса астық экспорттаған.
Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда табиғи өнім күйінде 5,5 пайызға, ал ақша есебі бойынша 4,8 пайызға азайып кеткен.
Бидай мен меслинаның (бидай мен қара бидай қоспасы) ең көп бөлігі Өзбекстанға (1,7 млн тонна - 198,7 млн) және Тәжікстанға (1 млн тонна - шамамен 165,9 млн доллар) сатылған. Бұдан бөлек, Қытайға 57,5 млн долларға 306,9 мың тонна, Ауғанстанға 46,4 млн долларға 285 мың тонна, Қырғызстанға 37,8 млн долларға 227,1 мың тонна астық сатылған.
Сондай-ақ, өткен жылы 439,3 млн долларға 2,3 млн тонна ұн сатылған. Басты сатып алушы - Ауғанстан, 324,8 млн долларға 1,5 млн тонна ұн сатып алған. Ал Өзбекстанға 109,7 млн долларға 627,2 мың тонна, Түркіменстанға 10,5 млн тоннаға 35,8 мың тонна ұн жіберілген.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды