АҚШ-тың Азиядағы бас дипломаты Сьюзан Торнтон (Susan Thornton) бейсенбі күні Трамп әкімшілігінің Солтүстік Кореяға шабуылдауға байланысты ешқандай стратегиясы болмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.
Дональд Трамп әкімшілігі Солтүстік Кореяның Құрама Штаттарға ұшыруы мүмкін ядролық қаруларына қатысты мәселені дипломатиялық жолмен шешуді қалайтынын білдірегенімен, Американың ресми өкілдері Трамп пен оның кеңесшілері Азияның оқшауланған еліне шабуыл жасау ұсынысын талқылағанын мәлімдеген көрінеді.
Жоғарыда талқыланған дүние шынымен жүзеге асатын болса қандай қайғылы, орын толмайтын салдары болатынын бұрыннан болжап келе жатқан мамандар Қысқы Олимпиада кезінде Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен бірге шыққаннан кейін басылған сыңайлы.
Торнтонды Шығыс Азиядағы хатшы көмекшісі қызметіне тағайындау кезінде АҚШ-тың екі сенаторы (демократ пен республикашыл) басқа да сенаторлармен бірге Ақ үйдің өкілетті тұлғаларына "Солтүстік Кореяға қатысты ондай стратегия жоқ" деп айтқан болатын.
АҚШ-тың шабуыл жасау стратегиясы жоқ екендігіне байланысты сенатор-демократ Жанна Шахиннің (Jeanne Shaheen) "Бұл сіздің пайымдауыңыз ғой?" деген сұрағына Торнтон "иә" деп жауап берді.
Екінші сенатор, республикашыл Джэймс Рич (James Risch) "заң шығарушыларға әкімшілік адамдары тарапынан шабуыл қарастыратын ешқандай арнайы стратегияның жоқ екендігі айтылды" деген болатын. Сонымен қатар сөзінің соңында: "Бұл тақырып мүлдем қозғалмаған да, талқыланбаған да. Солтүстік Кореяға қатысты жоғарыда айтылғандай ешқандай шабуыл жоспарланбаған. Уайымдайтын ешнәрсе жоқ", - деді.
Торнтонның айтуынша, АҚШ Солтүстік Кореямен келіссөзге келуге кез келген уақытта дайын екенін білдірді, бірақ сол сәт туғанда ең бірінші қозғалуы керек мәселе - Солтүстік Кореяның ядролық қару-жарағын жою.