2017 жылы жалпы сомасы 7,4 млн теңге болатын 2 511 жалған ұлттық валюта, сондай-ақ сомасы 26 млн теңгеден астам жалпы саны 497 дана шетел валютасы ақша айналымынан алынды. Жалған ақша жасау ісі бойынша 214 қылмыс тіркелді.
Мемлекеттік кірістер департаменті профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының өкілі Жұма Ерденнің сөзінше, өткен жылы жалған ақша белгісін әзірлейтін 4 жасырын цехтың жолы кесілген.
Бұдан бөлек, 2017 жылы ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 58 қылмыстық іс тергеліп, оның 48-і аяқталды, сот санкциясы негізінде құны 2 млрд теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды.
Ведомство өкілінің мәліметіне қарағанда, өткен жылы залалды өндіру 46%-дан 74%-ға артты.
Айта кетейік, бұдан бұрын Италия полицейлері жалпы құны 41 млн еуро болатын 50 және 100 еуролық жалған банкноталарды тәркілені туралы хабарланған еді.