Италия полицейлері жалпы құны 41 млн еуро болатын 50 және 100 еуролық жалған банкноталарды тәркіледі, - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.
Табылған жалған ақшаны санауға полицейлердің 5 сағат уақыты кетті. Банкноталар 90 пакетке оралып, пластик бөшкелерге жасырылған.
Бөшкелер Напл (Naples) қаласындағы 67 жастағы ер адамның үйінен табылған. Аталған ер адамның, жергілікті полицей қызметкерлерінің мәліметінше, бұрын осыған ұқсас қылмыстық істерге қатысы бар болған.
Ер азамат қамауға алынып, жалған ақша Италияның Орталық Банкіне жіберілді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті