Тайуандағы Хуалиен қаласындағы жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғандар саны 17-ге жетті, - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.
Мыңдаған құтқару қызметкерлері 6,5 балдық жер сілкінісінен 50 градусқа қисайған 12 қабатты тұрғын үйдің қираған бөліктерін тінтіп шықты.
Бұл соңғы 50 жылда болған ең қуатты жер сілкінісі болды.
Қайтыс болғандардың үшеуі - туристер. Олардың денелері (ер адам, әйел адам және бала) 12 қабатты тұрғын үй қалдықтары астынан табылған.
Хуалиен әкімі Фу Кун Чидің (Fu Kun-chi) мәлімдеуінше, құтқарушылар ғимараттың астында қалып қойған екі адамның денесін алып шыға алмаған. Себебі оларды алып шығу үшін ғимаратты құлату керек, ал ол тағы бірнеше адамның өліміне алып келуі мүмкін. Құтқару операциясы құрбандардың туысқандары келісімімен тоқтатылды.
Қайтыс болғандардың жетеуі Қытайдан, бесеуі Тайуаннан, біреуі Филиппиннен және екеуі Канададан екен.
Бұдан бөлек, 270-тен астам адам түрлі жарақат алған.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы