Франция президенті Эммануэль Макрон министрлерін жинап кеңес өткізді. Жиында елдің қорғанысқа бөлетін қаржысын көбейту мәселесі талқыланды. 2022 жылға дейінгі қорғаныс бюджетін бекіткен заң жобасында жыл сайын 1,7 млрд еуро арттырып отыру керек деп белгіленген. Бұл туралы «People» басылымы хабарлайды.
Қорғаныс бюджетін арттыру көбейту бойынша дайындалған заң жобасында 2023 жылға барғанда қорғаныс саласына бөлінетін қаражатты 39,6 млрд еуроға жеткізу міндеттелген. Макронның жазбаша мәлімдемесіне қарағанда, бұл міндетті орындау үшін 2018-2020 жылдар аралығында жыл сайын 1,7 млрд еуро қосылып отырады, 2023 жылғы бюджетке 3 млрд еуро қосылып 39,6 млрд еуро көлеміне жеткізеді.
Макронның жазбаша мәліметінде ғаламдық тұрақсыздықтардың арта түсіп, терроризмге қарсы күрестің жиілеуіне байланысты, мемлекеттің қауіпсіздігіне кепілдік ету үшін қорғаныс саласын тіпті де бекемдей түсу керек екені айтылған.