Сүрия әскері Хама және Алеппо провинцияларын «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымынан азат етті – деп хабарлайды САНА ақпарат көзі.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметі бойынша, ақпан айының 9-ы күні Сүрия армиясы одақтастарымен бірге Хама, Алеппо және Ижлиб провинцияларын «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымынан азат еткен. Аталмыш оқиғаға байланысты Сүрия қарулы күштерінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеме таратқан. Онда олар: «Бұл стратегиялық маңызы бар жеңіс. Біз Хама және Алеппо провинцияларын «Ислам мемлекеті» содырларынан азат етіп қана қоймай, Алеппо провинциясының оңтүстігіндегі «Джебхат ан-Нусыр» террорлық ұйымының да көзін жойдық» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «Сүрияның Африн аумағындағы «Зәйтүн бұтағы» әскери операциясы Идлиб провинциясында жалғасатын болады» деп мәлімдеген. Түркия армиясы «Зәйтүн бұтағы» әскери операциясын қаңтар айының 20-сы күні бастаған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?