Еуропалық Парламент "Мысырды зорлық-зомбылық пен кез келген күш көрсету әрекеттерін тоқтатуға шақырып, ел үкіметіне адам құқығын қорғау мен қоғамның гүлденуі қатар жүретінін ескертті" - деп хабарлайды Al Jazeera ақпарат агенттігі.
Корнелл университетінің Орталығы мәліметінше, 2013 жылы билік басына Абдель Фаттах эль-Сиси (Abdel Fattah el-Sisi) келгеннен бері елде қолданылған өлім жазасының саны күрт артқан. Мысалы 2014 жылдан бері кемінде 97 адам өлім жазасына кесілген (2010-2014 жылдары 5 адам).
БҰҰ адам құқықтары жөніндегі кеңес мамандарының айтуынша, Мысырдың құзырлы органдары көп жағдайда түрмедегілерді қинап, күш көрсетіп барып қол жеткізген дәлелдерді оларды өлім жазасына кесу үшін қолданады.
Тараған мәліметке қарағанда, 2 қаңтар күні жергілікті билік органдарының шешімімен өлім жазасына кесілген 5 адам Александрияда дарға асылды. Олардың төртеуі 2015 жылдың сәуірінде болған жарылысқа қатысы бар деген айыппен сотталған болатын.
2013 жылы Синай түбегіндегі сарбаздардың өліміне алып келген террористік іс-әрекеттері үшін сотталған 15 адам 2017 жылдың 26 желтоқсанында Александрияда өлім жазасына кесілді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді