"Amazon Go" деп аталатын Сиэтлдағы (Seattle) әмбебап дүкен тұтынушылардың сөреден қандай тауарды алып немесе орнына қойғанын бақылайтын камералар мен сенсорлар жұмысына негізделген. Касса немесе тексеріс терминалдарының қажеті жоқ: тұтынушының есепшотынан дүкеннен шыққанда қажетті сомма автоматты түрде алынады, - деп хабарлайды The Guardian басылымы.
Сауданы бастау үшін тұтынушы дүкеннің мобильдік қосымшасын сканерден өткізу керек.
Дүкеннен тауар құнын төлемей шығуға әрекет жасаған адамның шоты немесе соған байланыстырылған есепшот блокқа түсіп қалады. Тұтынушы алған тауарын орнына қайтарса, тауар оның виртуалды себетінен де алынады.
Осындай дүкен 2016 жылдың желтоқсанында "Amazon.com" компаниясының қызметкерлері үшін тест-режимде ашылған болатын.Бірақ болашақта "Amazon Go " дүкендер желісіне айнала ма, жоқ па - белгісіз.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді