Күні кеше, 6 ақпанда, Falcon Heavy зымыраны Кеннеди ғарыш орталығындағы (Флорида) 39А ұшыру кешенінен ғарышқа сәтті көтерілді. Ол бірнеше көрсеткіш бойынша әлемдегі ең қуатты зымыран атанды. Аталған зымыран орбитаға өзімен 64 тонна жүк (18 "Boeing 717" ұшағы көтере алатын салмаққа тең) көтере алады. Оське түсетін осынша салмақ пен қысымды ескерсе, Falcon Heavy болашақта адамдарды Марсқа апара алады деуге болады, - дейді SpaceX компаниясы өкілдері.
Falcon Heavy-дың ұшырылатын күні белгілі болған сәттен ғарыш орталығы жанындағы барлық қонақүйлер мен көлік тұрақтарындағы орындар сатылып кетті.
Илон Маск зымыранды ұшыруға дайындық кезеңінде "Бұл ғарыш тарихындағы ең мықты зымыранның сәтті көтерілуі бола ма, әлде аспандағы көздің жауын алар отшашуға куә боламыз ба - әзір белгісіз. Бірақ әлемнің түпкір-түпкірінен осы жайтты көру үшін мыңдаған адам келді" деген болатын.
Ғарыш кемесіне Илон Масктың спорттық көлігі тиеліп, оған скафандр киген қуыршақ адам отырғызылған. Зымыранның орбитадағы қозғалысының видеосын SpaceX сайтынан көруге болады.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті