Al Jazeera-ның "Инновациялы Африка" (Innovative Africa) бағдарламасында "iCow" мобильді қосымшасы таныстырылды. Ол фермерлерге сиырдың жүктілік кезеңін бақылауға мүмкіндік береді.
"Farmable" мобильді қосымшасы инвесторларға Гананың жергілікті фермаларындағы жан-жануардың виртуалды акцияларын сатуға, сатып алуға, бақылауға көмектеседі. Ал кениялық 13 жастағы (суретте) Ричард Турере (Richard Turere) есімді бала жергілікті фермалардағы малды арыстаннан қорғаудың амалын тапты. Кениядағы Найроби ұлттық саябағының жанында тұратын халық біраз уақыт осы арыстандар кесірінен төрт түлігін жоғалтып келген. Турере мал қораның сыртына диодты жарық шамдарын жан-жаққа қарап тұратындай етіп орналастырып, арыстандарды өз аулынан алыстатудың амалын тапқан. Осы еңбегінің арқасында ол 2013 жылы TED конференциясына шақырту алды.
Африкалық сирек кездесетін ауыл шаруашылық мәдениетінің консорциумы (The African Orphan Crops Consortium) Ауыл және бау-бақша шаруашылығының бүкіләлемдік орталығымен (World Agroforestry Centre) бірге көпшілікке таныс емес ауыл шаруашылық өнімдерін Найробиде өсіруді қолға алуда. Орталық мамандарға геномдар аннотациясымен жақсырақ танысып, климат өзгерісі, түрлі зиянкестер мен ауруларға қарсы тұру мақсатында тағамдық құнарлылығы жоғары ауыл шаруашылық өнімдерін өсіру үшін арнайы жерлер береді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді