Ұлыбританияда жиналыстан 1 минутқа кешігіп қалған Лорд әрі министр Майкл Бейтс өз еркімен жұмыстан кететіндігін мәлімдеді. Бұл туралы BBC хабарлайды.
Лордтар палатасының өкілі, министр Майкл Бейтс жиналыс тақырыбының басты мазмұнын түсінбей қалған. Ол сол арада премьер-министрге қызметін өз еркімен тапсырып беретінін мәлімдеді. Майкл Бейтс сөзінде: «Біз бір-бірімізді құрметтеудің ең жоғары үлгісін көрсетуіміз керек деп санаймын. Сондықтан мен премьер-министрге қызметімді тапсырып беремін және кешірім сұраймын», – деді.
Дегенмен, Тереза Мэй Лорд Бейтстің бұл өтінішін қабылдаған жоқ.
Еуропа мен біздің ең басты айырмашылығымыздың бірі уақытқа деген көзқарасымызда екенін анық білеміз. Латын Америкасы мен Азиядағы кейбір халықтарда көбінде уәделі уақытта кешігетін әдет бар. Бұл тіпті менталитетке айналып кеткен. Біз үшін бір минут лездік уақыт сезіледі. Алайда, 1 минутта Үндістанда 50 бала дүние есігін ашады, ал әлемде 260 сәби дүниеге келіп, 106 адам өледі. Жер бетінде 5 рет сілкінісі болады.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы