Трамптың мемлекет жағдайы туралы мәлімдеме жасауымен бір уақытта, Ақ үй президент Трамптың қолы қойылған бір бұйрықты жария етті. Бұл 2009 жылы президент Обаманың бұйрығын күшінен қалдырды. Сол кезде Обама жарлық түсіріп, Гуантанамодағы түрмені жабу шешімін шығарған еді. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
Трамп билікке келуден бұрын да Обаманың қамаудағы қылмыскерлерді қысқарту туралы саясатын сынға алған еді. Өткен жылы қаңтар айында ресми АҚШ президент болып тағайындалған Трамп өзінің Twitter парақшасына Гуантанамодағы түрмені жабудың дұрыс еместігін, бұл әрекет қауіпті адамдарды қайтадан ұрыс алаңына бастап келу екенін жазған болатын.

Гуантанамодағы түрме. Фото: WSJ.
Нәтижесінде Гуантанамо түрмесі туралы Обаманың бұйрығын Трамп ресми күшінен қалдырды. Ақ үй мансаптыларының айтуынша алдағы уақытта Трамп бұл мәселеге өз аузымен түсінік беретін көрінеді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел