Ауғанстанда содырлар Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметкерін тұтқынға алды – деп хабарлайды 1TV телеарнасы.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, содырлар Кабул қаласында сағат 6:00 шамасында БҰҰ-ның қызметкері мінген автокөлікке шабуыл жасалған. Салдарынан оқиға орнында көлік жүргізушісі көз жұмып, БҰҰ қызметкері мен оның баласы тұтқынға түскен. Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, әзірге ешқандай террорлық ұйым аталмыш оқиғаны өз мойынына алмаған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін қаңтар айының 20-сы күні дәл осы Кабул қаласында Intercontinental Hotel қонақ үйіне шабуыл жасалған. Ол кезде террористер қолынан 43 адам көз жұмып, ондаған адам жарақат алған. Кейіннен оққа ұшқандар арасында Қазақстан азаматы бар екендігі анықталған болатын.