Түркиялық БАҚ-тың хабарлауына қарағанда, елдің әскери әуе күштері кеше Ирактың солтүстігіндегі Зап аймағына әуе шабуылын жасаған. Түркия ӘӘК-нің берген мәліметіне қарағанда сол өңірде күрд қарулы күштерінің тармақтары шекара бекеттеріне шабуыл жасамақ болған. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Түркия Қарулы күштерінің мәліметіне қарағанда, әуе шабуылын орындаған екі шабуылдаушы ұшақ, Анкара билігі бөлшектеуші террорлық ұйым деп таныған PKK ұйымының базаларын, тұрақтарын талқандап, әуе базасына қайтып оралғаны айтылған.
Сүриядағы және Ирактағы өздерін «Ислам мемлекеті» деп атаған террорлық ұйымға қарсы күрес кезінде, АҚШ күрд қарулы жасағынан құралған PKK ұйымына қолдау көрсеткен. Алайда, Түркия жақ бұл ұйымды еліндегі тиым салынған күрдтердің партиясымен байланыстағы бөлшектеуші террорлық ұйым деп таныған.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес