Сооронбай Жээнбеков Ресеймен арадағы әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуға байланысты құжатты ратификациялау туралы заң жобасына қол қойды – деп хабарлайды Қырғызстан президент әкімшілігінің баспасөз қызметі.
Аталмыш заң жобасын Жоғары Кеңес депутаттары 21 желтоқсан күні қабылдаған. Қырғызстан мен Ресей арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуға байланысты құжатқа қос тарап 2017 жылдың 20 маусым күні қол қойған.
Жоғарыда айтылған Ресей мен Қырғызстан арасындағы әскери келісім қырғыз қарулы күштерін жоғары тиімді перспективалық қару-жарақ жүйелерімен қамтамасыз етуге, ұжымдық қауіпсіздік жүйелерінің техникалық құрамын қалыптастыруға, әскери мақсаттағы өнімдерді жеткізу механизмдерін жетілдіруге бағытталған. Бұдан бөлек аталмыш заң жобасы Қырғызстан қарулы күштерінің мүмкіндіктерін арттыруға және әскери-қорғаныс өнеркәсібінің Ресей кәсіпорындарымен бірлесіп жұмыс істеуіне септігін тигізеді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?